«Үздік педагог-2025»  Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы

Колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушысы, әдіскер Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы «Үздік педагог-2025» республикалық кәсіби байқауының жеңімпазы атанды.

 Елімізде ұстаздардың кәсіби шеберлігін тану және қолдау мақсатында дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігімен, ерекше шеберлігімен көзге түскен педагогтерді анықтау және ынталандыру.

Назгүл Жолымбетқызы 26 жылдық кәсіби жолында шығармашылық ізденіс пен педагогикалық шеберплігімен ерекшеленеді. Ол – жас ұрпақтың сапалы білім алуына және ұстаздардың кәсіби дамуына зор үлес қосып жүрген білім беру саласының үздік маманы. Назгүл Жолымбетқызы авторлық бағдарламалардың әзірлеушісі, білім беру бағдарламаларының сарапшысы, халықаралық және республикалық жетістіктердің иесі.

Педагогтердің басты кәсіби байқауының жеңімпазын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *