Түлектерді жұмыспен қамту

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ағымдағы жылдың 25 қаңтарында «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысының орынбасары Казмуханбетов Б.Н., бөлім басшысы Рахимов Ш.К., «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бөлім басшысы Бимуратов П.К., және Байғанин, Қобда, Хромтау ветеринарлық станция басшылары колледжіміздің бітіруші түлектерімен кездесті.   Кездесу барысында қонақтарымыз аграрлық және ветеринария саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат берді. Мекеме басшылары кездесу соңында болашақта білікті мамандарды даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.  Тараптар қол қойған Меморандум аясында серіктестік қарым-қатынастар орнатуға және жұмысшы мамандықтарды насихаттауды арттыруға, сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша  ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға уағдаласты.