Дендропарк

Дендробақ (грек тілінен dendron – «ағаш», botanikos – «ботаникалық») – ағаштар, бұталар және басқа да сүректі өсімдіктерді өсіру, сақтау, зерттеу мақсатында ұйымдастырылатын арнайы ботаникалық бақтың түрі. Дендробақта әртүрлі аймақтардан жинап отырғызылған, жерсіндірілген ағаштар мен өсімдіктердің түрлері өсіріледі.

Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі  дендробағының негізі 2014 жылдың сәуір айында қаланды. Жалпы көлемі: 1 га.

 

Дендробақтың мақсаты:

            Әртүрлі ағаш-бұталы өсімдіктердің түрлерін сақтау және көбейту.

            Сиреп және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.

 Агрожер бөлімінің шәкірттерінің теориялық білімдерін тәжірибемен  ұштастыруға жағдай жасау,  жергілікті флораны құнды және сәнді ағаштармен байыту.

            кәсіби білім беру және экологиялық тәрбиелеу .

Маңызы:

            Студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырады.

            Экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

            Ұжыммен жұмыс  жасауға және ынтымақтастыққа жұмыс жасауға үйретеді .

            Болашақта ландшафт дизайнері немесе көгалдандыру маманы ретінде еркін жұмыс істеуге дайын болады.

Дендробақ – тек оқыту алаңы ғана емес, ол табиғатпен етене жақын болуды үйрететін, студенттердің теориялық білімдерін нақты тәжірибеде пайдалануға арналған білікті маман қалыптастыратын ерекше орта.

Дендробақ төмендегідей аллеялардан тұрады:

1.Қарағай жолағы                        

2. Қайың жолағы

3.Емен жолағы                            

4. Мойыл жолағы

5. Шаған жолағы 

1.Қарағай жолағы– бұл бір немесе бірнеше қатармен отырғызылған қарағай ағаштарынан тұратын әдемі жолақ. Бұл атау екі бөліктен тұрады:

Қарағай — қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Қазақстанда жиі кездеседі, әсіресе орманды аймақтарда.

Аллея — қатар-қатар отырғызылған ағаштар арасындағы жаяу жүретін жол немесе саябақ жолы.

Қайың жолағы — бұл бір немесе бірнеше қатармен отырғызылған қайың ағаштарынан тұратын әдемі жолақ.  Мұндай жолақтар қалаларда көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыру мақсатында салынады.

Емен жолағы — емен ағаштары отырғызылған, әдетте жаяу жүргіншілерге немесе демалуға арналған жолақ (аллея). Мұндай аллеялар қалаларда көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыру мақсатында салынады.

 

Мойыл жолағы — бұл бір немесе бірнеше қатармен отырғызылған мойыл ағаштарынан тұратын әдемі жолақ.  Бұндай жолақтар экологиялық тұрғыдан маңызды, себебі олар жергілікті флора мен фаунаның бір бөлігі болып табылады. Мойыл ағаштарының дәрілік қасиеттері мен экологиялық қызметі өте бағалы.

Шаған жолағы — бұл бір немесе бірнеше қатармен отырғызылған шаған ағаштарынан тұратын әдемі жолақ. Қазақстанда шаған ағаштары экологиялық, эстетикалық және рекреациялық мақсаттарда отырғызылады. Мұндай аллеялар қалаларда көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыру мақсатында салынады.