Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірыңғай білім» бағдарламасы аясында «Технология» кафедрасы «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты апталық өткізді. Апталықтың ашылуы ұлттық киімдердің сән көрсетілімімен басталды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірыңғай білім» бағдарламасы аясында «Технология» кафедрасы «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты апталық өткізді. Апталықтың ашылуы ұлттық киімдердің сән көрсетілімімен басталды. Екінші күні «Ұлы дала талғамы: ұлттық құндылықтар» атты шара өтті. Үшінші күні «Ұлттық ойындар» эстафетасы өтіп, командалар ұлттық спорт ойындарынан бақ сынасты. Төртінші күні Қазақстан Республикасы мәдениет ісінің үздігі, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО-ның сапа белгісінің иегері Бұлбұл Кәпқызымен «Өмірін өнерімен өрнектеген» тақырыбында студенттер кездесуі өтті. Іс-шара студенттерге қолөнер мен ұлттық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар өнер арқылы адам өмірінің мәнін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ апталық аясында «Қыз-Ұлт болашағы» байқауы өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойжеткендердің бойына сіңіру. «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты апталық барысында күн сайын оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында үлкен үзілісте «Қара жорға биі» атты мерекелік іс-шаралар өткізілді. , «Мамандық-мақтанышы», «Сызбалар әлемінде». Апталық «Топпен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік сабағымен аяқталды. Шеберлік сабағы топ жетекшілерінің қатысуымен өткізілді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар пікір алмасып, тәжірибе алмасып, топтық жұмыстың жаңа әдістері мен стратегияларын үйренді.




