Күзгі «Гүлдер әлемі» қалалық фестивалі – табиғаттың сұлулығы мен шығармашылықтың үйлесімін паш ететін ерекше мереке!


Қыркүйек айының 13-жұлдызында жылдағыдай күзгі “Гүлдер әлемі”қалалық фестивалына қатыстық. Әдемі көрініс пен ерекше атмосфера сыйлайтын фестивалға үш рет қатысып, үшеуінде де бірінші жүлделі орынды иелендік. Жер ана — бар ырыстың кілті. Жер-ананың құт-берекесін қадірлей білген еңбегіміздің жемісін қала тұрғындарына “Күзгі симфония” деген тақырыпта көрмемен паш еттік.Жаз бойы жұмысты таңның шуағымен бастап, күннің аптабына шыдап, ұжым боп бірлігімізді көрсетіп, картобымызды егіп, жеміс-жидектерді баптап, көкөністерді өсіріп, Жер-ана берген несібені игердік. Бұл — біздің агрономдардың озық тәжірибесі, жер өңдеп дайындаған механиктердің маңдай тері, ұжымымыздың ұйымшылдығының жемісі. Берекелі күзде өзіміздің табиғи өніміміздің дәмін тату — біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай табиғаттың тартуы кеудемізді шаттыққа толтырып, көмейімізге күміс әуен келтіреді.

