Білім беру ұйымдарында қаражат жинауға тыйым салу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Актюбинский высший аграрно-технический колледж имени Шыганака Берсиева

ҚР оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өткен Turkicskillc кәсіби шеберлік чемпионаты аясында Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шара барысында колледжіміздің ардагер ұстазы Асия Наметулаевна Мырзабекова техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Форум аясында «Кәсіподаққа 100 жыл» деректі фильмі ұсынылып, сала көшбасшылары мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, марапаттау рәсімі, концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан және «Әсем қалам – Астанам» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Колледжіміздің директоры Жаржанов Сертай Қуандықұлы осы маңызды шарада білім беру ұйымындағы көп жылғы адал еңбегі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен…
Біздің көп жылдан бергі сенімді әлеуметтік серіктесіміз — «Степное» ЖШС басшысы Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы Жұмысшы мамандықтары жылына орай еліміздің аграрлық саласына қосқан зор үлесі үшін мемлекет тарапынан жоғары марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аманқос Сансызбайұлы «Еңбек Ері» атағымен марапатталды! Бұл марапат – ауыл шаруашылығы саласына қосқан өлшеусіз еңбектің, үздіксіз дамудың, адал…
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бірыңғай білім» бағдарламасы аясында «Технология» кафедрасы «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты апталық өткізді. Апталықтың ашылуы ұлттық киімдердің сән көрсетілімімен басталды. Екінші күні «Ұлы дала талғамы: ұлттық құндылықтар» атты шара өтті. Үшінші күні «Ұлттық ойындар» эстафетасы өтіп, командалар ұлттық спорт ойындарынан бақ сынасты. Төртінші күні Қазақстан Республикасы мәдениет ісінің үздігі, Қазақстан…
2025 жылдың 9-10 қазан күндері Жамбыл облысы, Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық колледжі базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша V республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Бұл байқауда колледжіміздің білікті педагогтары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті: Асқар Айнұр Асқарқызы – «Агрономия» құзыреттілігі бойынша жүлделі 1…