Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аманқос Сансызбайұлы «Еңбек Ері» атағымен марапатталды!
Біздің көп жылдан бергі сенімді әлеуметтік серіктесіміз — «Степное» ЖШС басшысы Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы Жұмысшы мамандықтары жылына орай еліміздің аграрлық саласына қосқан зор үлесі үшін мемлекет тарапынан жоғары марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аманқос Сансызбайұлы «Еңбек Ері» атағымен марапатталды!
Бұл марапат – ауыл шаруашылығы саласына қосқан өлшеусіз еңбектің, үздіксіз дамудың, адал қызметтің және еліміздің өркендеуіне сіңірген зор үлестің жарқын көрінісі.
Төлеуов Аманқос Сансызбайұлын шын жүректен құттықтай отырып, оған мықты денсаулық, жаңа табыстар мен тың идеялар тілейміз!
Біз серіктесіміздің осындай биік деңгейге көтерілуін зор мақтанышпен қабылдаймыз және ортақ ынтымақтастығымыз одан әрі де жемісті боларына сенеміз!
Қазақ елінің мәртебесін көтеретін осындай азаматтар көбейе берсін! Сіздің бұл жетістігіңіз – біздің студенттер үшін үлкен мотивация мен үлгі.