WorldSkills Kazakhstan – 2025  Республикалық чемпионатында  “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған Жанат Әли. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ағымдағы жылдың 3-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan – 2025  республикалық чемпионатында колледжіміздің намысын қорғап, “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған Жанат Әли чемпионат барысында кәсіби шеберлік пен жоғары дайындығын көрсетіп, модульдік тапсырмаларды сәтті орындады. Әлиге жетекшілік еткен компатриот — Исмагулова Нурия Каиржановна, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде зор еңбек сіңірді.  Бұл жеңіс — колледжіміздің білім сапасы мен тәжірибелік дайындығының тағы бір дәлелі.

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *