ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМЫТУ:
Колледждің міндеті – кәсібін жетік білетін, сауатты, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби өсуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында жетекші орын алуға қабілетті бітірушілердің дайындық дәрежесінің негізгі көрсеткіші түлектердің жұмыспен қамтылуы болып табылады.
Жаңа заман болашақ маманның кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптар қояды. Бүгінде еңбек нарығында табысты жұмысқа орналасу және мансаптық өсу үшін төмендегідей қасиеттер маңызды: мақсатқа бағытталғандық, кәсіби құзыреттілік және коммуникативті дағдылар. Түлектердің жұмысқа орналасуын және уақытша жұмыспен қамтылуын жеңілдету мақсатында біздің колледж төмендегідей қызмет бағыттарын белгілейді:
- колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуын бақылау: түлектер туралы мәліметтер базасын құру, түлектердің мамандық бойынша жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау;
- жұмыспен қамту мәселелерін шешу: кәсіпорындармен және басқа жұмыс берушілермен, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өзара байланыс орнату, кадрларды даярлау сапасы туралы ақпарат жинау;
- кәсіптік бағдар беру қызметі: студенттердің ақпараттық жәрмеңкелерге, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуын ұйымдастыру.