Студенттер жетістігі
Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі - 2024» салтанатты жиыны өтті. Шара барысында Ақтөбе қаласының әкімі А. Бекет атынан колледжіміздің «Агрожер» бөлімінің «Жерге орналастыру» мамандығының 301-ЖО топ студенті Аймағанбет Ерзат Сьездбайұлы «Жасыл ел» еңбек жасағының құрылыс отрядында үздіксіз еңбек еткені үшін «ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫ» номинациясы және 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Студенттер күні қарсаңында Ақтөбеде 200-ге жуық есірткі жарнамасы жойылды
17 қараша – халықаралық студенттер күніне байланысты Ақтөбеде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен және полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген шаралар 150-ден астам жастың басын қосты.
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясына жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері,еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, олар полиция қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласында ғимараттарға жазылған есірткі жарнамаларын жою жойды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, қоғам кеселінің жолын кесу мақсатында өткізілген шаралар барысында полиция қызметкерлері жастарға қоғам дертіне айналып отырған есірткінің алдын алу туралы айтып, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды.
Ағымдағы жылдың 08.11.24күні «Жасыл ел»жастар еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымының жабылуы республикалық деңгейде салтанатты түрде өтті. Осы аталмыш шарада колледжіміздің жастар ісі комитеті Гүлназ Айтқазықызы студенттердің жазғы демалыс уақытында “Жасыл ел” еңбек жасағында жұмыс атқаруына ықпал жасап, жоғары ұйымдастырушылығы үшін Ақтөбе облыс әкімі Асхат Шахаровтың атынан «ҮЗДІК ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ» номинациясымен және 150 мың теңге сертификатымен марапатталды.
Ақтөбе облысының Студенттік құрылыс отряды және «Жасыл ел»жастар еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымының республикалық жабылуы салтанатында колледжіміздің ІІ-ІІІ курс студенттері елордамыз Астана қаласына 3 күндік жолдамамен марапатталды. “Жасыл ел” еңбек жасақтарында белсенділік танытып, қаламызды және аудандарымызды көгалдандыруы мен абаттандыруына зор үлес қосып жүргендері үшін колледжіміздің үздік деп танылған еңбекқор студенттері:
211-Вет тобынан — Бауыржанұлы Қайыржан;
201-Эл тобынан — Нұрсұлтанов Айдос;
301-ЖО тобынан — Аймағанбет Ерзат;
303-ВЕТ тобынан — Тұрғанбаев Айсұлтан;
301-БУХ тобынан — Нұрғалықызы Айым;
301-ЭЛ тобынан- Қаирқұл Шапағат
Белсенді жастар марапатталды
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалиннің атынан 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжіміздің жастар комитеті Г.Айтқазықызы және студенттік кеңес мүшелері Үрбисинова Заира, Бергенбаева Гүлфайруз қаламыздың дамуына қосқан үлесі, қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды
14.03.2024 жылы Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Асылханұлының қатысуымен облыстың белсенді еріктілері мен олардың ата-аналарына алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.
Осы орайда «АгроЖер» бөліміне қарасты «Жерге орналастыру» мамандығының 111-ЖО тобының белсенді ерікті студенттері Бақтияр Төлегенұлы мен Айгүл Махатқызы марапатталып, олардың ата-аналары Төлеген Серікқұл мен Әлия Бақыткерейқызы да құрметке бөленді.
Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің «Үздік Сарбаз» деп танылған 5 студентіміз облыс әкімі Шахаров Асхат Берлешұлының атынан Елордамыз Астана қаласына 3 күнге жолдамамен марапатталды. |
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «NEW WAVE-2023» облыстық студенттік фествалінің «Үздік Қойылым» театрлық бағыты бойынша 203-Вет тобының студенттері жүлделі ІІ орын Дипломымен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б. Елеусінованың атынан марапатталды.
Ақтөбе облыс әкімі А.Б.Шахаровтың қатысуымен «Облыстық жастар сыйлығы-2023» салтанатты шарасы өткізілді. Салтанатты шарада оқу ордамыздың «Берсиев еріктілері» 5 желтоқсан Халықаралық волонтерлар күніне «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЫҚ ТОП» атанып, облыс әкімі атынан алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. Волонтерлыққа үлес қосып, қайырымдылық шараларға ат салысқан волонтер оқытуышылар мен білім алушыларға алғыс білдіреміз.
Топ жетекшісі: Гүлназ Айтқазықызы.