Актюбинский высший аграрно-технический колледж имени Шыганака Берсиева
Ағымдағы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллингтің, кибербуллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында “Менің колледжім буллингке қарсы” республикалық флешмобы өткізілді. Мақсаты-білім алушыға қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыра отырып, қауіпсіздік мәселелеріне қоғам назарын аударту. Шараға студенттер кеңесінің мүшелерімен қоса, 101-ВЕТ және 111-ОШ топтары атсалысты.
Біз әр студенттің қауіпсіз ортада білім алып, тұлғалық дамуына жағдай жасалуы тиіс деп санаймыз.
Колледжіміздің психологы А.Кикбайқызы мен әлеуметтік педагогы А.Махсутқызының жетекшілігімен “Колледж әлеміне алғашқы қадам” атты бірінші курс студенттерін жаңа ортаға бейімдеу, өзара таныстық пен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ колледж өміріне сенімді қадам жасауға қолдау көрсету мақсатында 101-БУХ студенттерімен бірге тренингтік сағат өткізілді. Бұл студенттердің өз әлеуетін ашуына, жаңа бастамаларға сенімді қадам жасауына және колледж өміріне белсенді араласуына жол ашты.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде колледж психологының ұйымдастыруымен 101-Авто тобында психологиялық әдістемелік-тренинг жүргізілді. Бұл тренингтің мақсаты – студенттердің өз ойын еркін жеткізуге, бір-біріне сенім артып, ұжымдық қарым-қатынас орнатуға үйрету. Шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің эмоцияларын дұрыс басқару, ішкі кедергілерді жеңу және бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын меңгерді. Мұндай тренингтер студенттердің тұлғалық дамуына, психологиялық мәдениетінің артуына және ұжым ішінде жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.


.










.
