КОЛЛЕДЖДЕ “СТЕПНОЕ” ЖШС ДИРЕКТОРЫ А.С.ТӨЛЕУОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 11-желтоқсанында Индустриялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысы алдында колледж басшысы С.К.Жаржанов индустриялық кеңес төрағасы «Степное» ШҚ басшысы А.С. Төлеуовті және кеңес мүшесі «Зару» ШҚ басшысы Б.Ж Тлегенованы мемлекеттік наградаларымен ұжым атынан құттықтады. Кеңес отырысында колледждің жыл бойғы жұмысы туралы қысқаша есеп берілді, негізгі жетістіктер мен Индустриялық кеңестің қатысуын және қолдауын қажет ететін бірқатар сұрақтар қарастырылды. Отырыс барысында аграрлық саладағы мамандықтарға талапкерлерді тарту, дуалды оқытуды жетілдіру, сондай-ақ колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, салалық білім беруді дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Индустриялық кеңес мүшелері колледж ұжымының жұмысына жоғары баға беріп, кеңес тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.