Актюбинский высший аграрно-технический колледж имени Шыганака Берсиева
2025 жылдың 11-желтоқсанында колледжімізде ерекше тағылымы мол кездесу өтті. «Степное» ЖШС директоры, колледждің индустриялық кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы және «Зару» ШҚ басшысы, «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының иегері Тлегенова Бану Жувангалиевна студенттермен жүздесті. Кездесу барысында қонақтар өздерінің кәсіби жолдары, жетістіктері мен еңбек нарығындағы білімнің құндылығы туралы кеңінен бөлісті. Студенттерге табанды еңбек, кәсіби даму мен мақсатқа жету жолындағы құнды кеңестер берілді. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Осындай мотивациялық кездесулер — болашақ жас мамандардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, үлкен өмірге деген сенімін арттырып, кәсіби дамуларына үлкен серпін береді.