Дуалды оқыту

Дуальды оқыту— жұмыс орындарын ұсына отырып, білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибенің міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.

Дуальды оқыту туралы шарт – білім алушылар, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын мен өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту шарттары мен тәртібін реттейтін оқу орны арасындағы жазбаша келісім.

Дуальды оқыту жүйесі «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылының аясындағы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу процесінде дуальды оқыту «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Оқу үрдісінде дуальды оқыту жүйесіне көшкен студенттер қашықтықтан оқыту элементтерін пайдалана отырып оқытылады. Дуальды оқыту жүйесіне көшу алдында комиссия отырысы өткізіледі. Онда білім алушылардың үлгерімі мен тәртібі ескеріліп, қажетті құжаттар топтамасы тексеріліп, комиссия құрамы белгіленіп, студенттерді дуальды оқыту жүйесіне көшіру туралы шешім қабылданады. Комиссия шешімінен кейін бұйрық шығарылып, жұмыс орны бойынша мекемеге жіберіледі. Соңғы жылдармен салыстырғанда дуальді оқыту жүйесіне көшкен студенттердің саны жыл сайын көбеюде және бұған біздің әлеуметтік серіктестеріміздің ықпалы зор екенін атап өткен жөн.

Дуалды оқыту жүйесіндегі мамандықтар тізбесі

2024-2025 оқу жылы

студенттер саны

1. 

08110100 «Агрономия»

50

2. 

071616000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

74

3. 

04110100 «Есеп және аудит»

23

4. 

08410100 «Ветеринария»

33

5. 

07310300 “Жерге орналастыру”

2

6. 

08110500 «Зоотехния»

54

7. 

07310500 «Ландшафтық дизайн»

24

8. 

07211300 «Тағам өндірісінің технологиясы»

22

9. 

07130200 «Электрмен қамтамасыз ету»

27

 

Барлығы

309

Дуальды оқыту нәтижелері:

  • Кадрларды даярлауды жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келтіру;
  • Түлектердің 100% жұмысқа орналасуына қол жеткізу;
  • Түлектердің тәжірибелік дағдыларының деңгейін көтеру;
  • Оқуда жоғары мотивацияға қол жеткізу;
  • Педагогтардың кәсіби даярлық деңгейінің өндірістік процестің техникалық жарақтануының жоғары деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • Инновациялық оқу-материалдық база құру;
  • Оқу процесін басқаруда заманауи басқару технологияларын қолдану.

Колледжде дуальды оқыту жүйесі «Дуальді білім беру қағидалары» негізінде студенттердің мынадай міндетті құжаттарды ұсынуымен жүзеге асырылады:

  • Студенттің өтініші;
  • Ата-анасының өтініші;
  • Жеке куәліктің көшірмесі; ата-анасының жеке куәлігінің көшірмелері;
  • Жұмыс орнынан анықтама;
  • Дуальды оқыту туралы  үш жақты келісім шарт.