Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин колледжімізде

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов колледж мәжіліс залында Ақтөбе облысының тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу алдында қонақтар колледждің материалдық базасымен танысып өтті. Жиын барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өзекті ұсыныстар ортаға салынды. Жиналыс соңында қонақтар азаматтарға жеке қабылдау өткізді.