Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжінде 1 қазан 2025 жылы Қарттар күні мен білім беру саласы ардагерлерін ұлықтауға арналған мерекелік шара өтті. Жиналған ардагерлер колледж ауласынан ағаш отырғызып «Ардагерлер аллеясын» ашты, Бастауыш ардагерлер ұйымының бөлмесі мен Шығанақ Берсиевке арналған мұражайды көрді, оқытушылар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, соңы шәй дастарханы мен көңілді әңгімеге ұласты.