Abilympics–2025: Жетістік пен шабыт мерекесі!
2025 жылдың 17–18 қазанында Астана қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастарға арналған «Abilympics–2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Бұл байқауда колледжіміздің талантты студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті:
Қуанышқалиев Олжас – «Флористика» құзыреттілігі бойынша 3 орын иегері атанды.
Жетекшісі: Купеева Жибек Зинадиновна

Серкебай Алмас – «Карвинг» құзыреттілігі бойынша өз жұмысын көрме форматында ұсынып, шығармашылық шеберлігін ерекше көрсете білді.
Жетекшісі: Босназарова Балжан Саматовна

Қатысушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз – білім мен еңбектің жемісі. Алда биік белестер күтіп тұр!