WorldSkills Kazakhstan – 2025 Республикалық чемпионатында “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған Жанат Әли. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ағымдағы жылдың 3-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық чемпионатында колледжіміздің намысын қорғап, “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған Жанат Әли чемпионат барысында кәсіби шеберлік пен жоғары дайындығын көрсетіп, модульдік тапсырмаларды сәтті орындады. Әлиге жетекшілік еткен компатриот — Исмагулова Нурия Каиржановна, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде зор еңбек сіңірді. Бұл жеңіс — колледжіміздің білім сапасы мен тәжірибелік дайындығының тағы бір дәлелі.