Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Астана қаласында оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар-еліміздің тұрақты дамуының негізі» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форум аясында «Кәсіподаққа 100 жыл» деректі фильмі ұсынылып, сала көшбасшылары мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, марапаттау рәсімі, концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан және «Әсем қалам – Астанам» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Колледжіміздің директоры Жаржанов Сертай Қуандықұлы  осы маңызды шарада білім беру ұйымындағы көп жылғы адал еңбегі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны  үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл – ұжымымыз үшін зор мақтаныш! Сертай Қуандықұлын шын жүректен құттықтаймыз, еңбегіңіз жана берсін!

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *