Ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні Ақтөбе облысы «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күні аталып өтті.

Мерекелік іс-шара аясында «Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша көрмеге белсене қатысып, білім ордасының жетістіктері мен жаңашыл құрал-жабдықтарын көпшілік назарына ұсынды.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған салтанатты жиында колледж директорының оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Баймукашева Ж.Н. облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл – ұжымымыздың тынымсыз еңбегі мен сапалы білім беруге қосқан үлесінің тағы бір дәлелі. Барша аграрлық сала мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *