«Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойынан марапат
2025 жылдың 01 қарашасында Астана қаласында «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада, партияның «Студенттік жастар жасағы» аясында белсенділік танытқан жастары мен білім беру ұйымдарының өкілдері арнайы марапаттарға ие болды. Колледж директоры Жаржанов Сертай Қуандықұлы «Ауыл» партиясының Алғыс хаты мен мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар колледжіміздің 3 курс студенті Фаридов Қуаныш Әнуарұлы “Ауыл” партиясының Құрмет грамотасы, бағалы сыйлық пен мерекелік төсбелгісіне ие болды.
Бұл – колледжіміздің қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, жастар тәрбиесіне қосқан үлесінің айғағы!
