2025 жылдың 22 қазан күні Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжінде   “Адал  азамат” біртұтас  тәрбие бағдарламасы бойынша  облыс колледждері  Бастауыш  ардагерлер  ұйымдарының семинары өтті.

Семинарға Облыс білім саласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.М.Саркулов,  Облыс білім саласы Ардагерлер кенес  мүшесі Ы.К.Кушеров және Бастауыш  ардагерлер  ұйымдарының төрағалары, ардагер ұстаздар қатысты. Келген қонақтар алдымен колледждің  материалдық – техникалық базасымен танысты және  колледж музейін аралады.

Семинарды  Бастауыш  ардагерлер  ұйымының төрайымы К.Н. Капсамиева жүргізді. Алғы сөз Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледж директоры С.Қ Жаржановқа  берілді.  Іс – шара барысында  колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері А.А.Контаеваның «Білім  алушыларды  тәрбиелеуде “Адал  азамат” біртұтас  тәрбие бағдарламасының алатын орны» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Өз баяндамасында бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерімен таныстырды.

 Колледжіміздің ардагер оқытушысы Аяпова А.Ш “Жұмысшы  мамандарды  даярлау –  бүгінгі  күн  талабы” атты баяндамасын оқыды Баяндамашыларға тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Семинар соңы әдемі пікір алмасуға ұласты.

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *