Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша V республикалық кәсіби шеберлік конкурсында колледжіміздің білікті педагогтары жоғары нәтиже көрсетті

2025 жылдың 9-10 қазан күндері  Жамбыл облысы, Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық колледжі базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша V республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Бұл байқауда колледжіміздің білікті педагогтары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті: Асқар Айнұр Асқарқызы – «Агрономия» құзыреттілігі бойынша  жүлделі  1 орынды иеленіп, Айтимбетов Махсет Тлеулиевич–«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «Өз ісінің шебері» номинациясының иегері атанды. Әріптестерімізді кәсіби жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *