Ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж білім алушылары арасында өңірімізде алғаш рет «Abilympics» кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты өтті.
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж білім алушылары арасында өңірімізде алғаш рет «Abilympics» кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа «Мәтінмен жұмыс», «Карвинг», «Жеке аспаздық жұмыстар», «Кондитерлік іс және кондитер өнімдері», «Көше фотосуреті», «Флористика» құзыреттіліктері бойынша 6 білім алушымыз қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін дипломдармен марапатталып, екі білім алушымыз республикалық чемпионатқа жолдама алды. Осы білім алушыларымызды даярлаған оқытушыларымыз білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. «Abilympics» кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты- бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білімі мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін ерекше іс-шара. Бұл шара оларға әртүрлі салаларда, өздерінің таланттары мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.