Күзгі «Гүлдер әлемі» қалалық фестивалі – табиғаттың сұлулығы мен шығармашылықтың үйлесімін паш ететін ерекше мереке!

Қыркүйек айының 13-жұлдызында жылдағыдай күзгі “Гүлдер әлемі”қалалық фестивалына қатыстық. Әдемі көрініс пен ерекше атмосфера сыйлайтын фестивалға үш рет қатысып, үшеуінде де бірінші жүлделі орынды иелендік.        Жер ана — бар ырыстың кілті. Жер-ананың құт-берекесін қадірлей білген  еңбегіміздің жемісін қала тұрғындарына “Күзгі симфония” деген тақырыпта көрмемен паш еттік.Жаз бойы жұмысты таңның шуағымен бастап, күннің аптабына шыдап,  ұжым боп бірлігімізді көрсетіп,  картобымызды егіп, жеміс-жидектерді баптап,  көкөністерді өсіріп,  Жер-ана берген несібені игердік. Бұл — біздің агрономдардың озық тәжірибесі, жер өңдеп дайындаған механиктердің маңдай тері, ұжымымыздың ұйымшылдығының жемісі. Берекелі күзде өзіміздің табиғи өніміміздің дәмін тату — біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай табиғаттың тартуы кеудемізді  шаттыққа толтырып,  көмейімізге күміс әуен келтіреді.

Similar Posts

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *