Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық


Актюбинский высший аграрно-технический колледж имени Шыганака Берсиева


Ағымдағы жылдың 3-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық чемпионатында колледжіміздің намысын қорғап, “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған Жанат Әли чемпионат барысында кәсіби шеберлік пен жоғары дайындығын көрсетіп, модульдік тапсырмаларды сәтті орындады. Әлиге жетекшілік еткен компатриот — Исмагулова Нурия Каиржановна, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде зор еңбек…
ҚР оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өткен Turkicskillc кәсіби шеберлік чемпионаты аясында Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шара барысында колледжіміздің ардагер ұстазы Асия Наметулаевна Мырзабекова техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік web-сайт» облыстық байқауына қатысып 3 орын иеленген колледжіміздің ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!!! Байқау білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылығын және шығармашылық белсенділігін арттыру, үздік ресми сайтты анықтау, қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлері күні аясында өткізілген облыстық салтанатты шарада “Үздік педагог -2024” республикалық байқауының жеңімпазы, колледжіміздің мақтанышы, шебер педагог Гулнар Жалгасовна Ещанова “Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі” құрмет дипломына ие болса, білім саласында 30 жылдан астам қызмет атқарып, колледж тарихындағы бірнеше белесті адымдап өтіп, мыңдаған шәкіртке еңбек майданына жолдама…
2025 жылдың 9-10 қазан күндері Жамбыл облысы, Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық колледжі базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша V республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Бұл байқауда колледжіміздің білікті педагогтары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті: Асқар Айнұр Асқарқызы – «Агрономия» құзыреттілігі бойынша жүлделі 1…
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық —техникалық колледжі Ақтөбе облысы білім басқармасының 2025 жылдың 26 тамызындағы облыс мектептерінде кәсіптік бағыттағы бейіндік сыныптарды ашу туралы №368 бұйрығына сәйкес мектеп оқушыларын мамандыққа бағдарлау, еңбек нарығына сай кадрлар даярлау мақсатында аграрлық —техникалық бағыт бойынша Ақтөбе қаласы, №65 орта мектебімен келісімшартқа қол қойды.