2025 жылдың 18 ақпан күні облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған білім саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі болып өтті. Конкурсқа жалпы білім беретін пәндер бағыты бойынша қатысқан ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы жүлделі 2-орынға ие болды.

