Әдістемелік қоржын
Тапқырлар мен білгерлер интеллектуалды ойыны
Қысқы каникул кезінде директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Турмаганбетова колледждің жас мамандары арасында «Түскі шайдағы тапқырлар мен білгірлер сайысы «деген тақырыпта интеллектуалдық — танымдық сайыс өткізді.
Шара мақсаты: Қатысушылардың дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт — дәстүрін, әдеп — ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Сайыс барысында жас оқытушылар «Логика әлемінде», «Эрудит шыңы», «Қызық екен»деп аталатын үш тур бойынша дүниетанымдық пайымдауларын , логикалық ойлау шеберліктерін, білімділіктерін сынға салды.
Техникалык және кәсіптік білім беру ісінің үздігі
Астанада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» тақырыбында республикалық форум өтті.
Форумға колледж директорлары мен олардың орынбасарлары, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Форум соңында үздік мамандар ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шарада колледжіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары МукановаАлтынгүл Утегеновна “Техникалык және кәсіптік білім беру ісінің үздігі” құрмет дипломымен марапатталды.
Білім беру саласындағы еңбегіңіз еленіп, биіктерден көріне беріңіз.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне арналған эссе байқауы.
Ағымдағы жылдың желтоқсанның 7-і жұлдызы күні «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні тақырыбында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған эссе байқауының марапаттауы болып өтті.
Эссе байқауының мақсаты: Студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.
Байқауға колледжімізден ұсынылған жұмыстар ішінен 101ЖО тобы білім алушысы Доспанова Айдана 1-орын, 102 Тех тобы білім алушысы Есетов Айдар Хан Берикович 2-орынды иеленді. Ал, 301 Тех тобы білім алушысы Тлекешова Рабиға Әлімбайқызы номинация иегерлері атанды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық кәсіби байқауы
Қараша айының 30-жұлдызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған «Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық кәсіби байқауы болып өтті.
Аталған байқауда «Ветеринария» мамандығының 2-курс білім алушысы Бақыт Жантілеу Анарбекұлы өз бағын сынап келді. Бақыттың озық ойын байқап , жобаға дайындаған арнайы пән оқытушысы Б.М.Мырзатева. Бақыт байқауға «Үй жағдайында инкубатор құрылғысын дайындау» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Байқау екі кезеңнен тұрды: 1-кезең «Менің өнертабысқа алғашқы қадамым» визиттік таныстыру. 2-кезең. Жоба қорғау. Сайыс нәтижесінде Бақыт Жантілеу жүлделі 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпазымызды құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруге тілектеспіз.
“Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер класс
Ағымдағы жылдың 27-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында әдіскер Изтаева Г.С және Шакарбекова Ж.С ұйымдастыруымен педагогтерге арналған “Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер- класс өткізді.
Шебер — класс мақсаты:
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында белсенді оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарымен бөлісу, шебер класқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, үйренушілердің қызығушылығын тудыру.
Шебер класта Г.С.Изтаева «Slidesmania», «slideshare», «prezi” , «Renderforest» платформаларымен презентация жасау жолдары мен мүмкіндіктерін көрсетсе, Ж.С.Шакарбекова «flippity», «quizwhizzer», «narakeet» платформаларын қолдану жөнінде мәліметтер берді.
Шебер-класс әріптестердің жылы лебізімен аяқталды.
«Жаңашыл жас маман- 2023» облыстық кәсіби байқауы
2023 жылдың 21 қарашасы күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы «Жаңашыл жас маман-2023» кәсіптік байқауы өтті.
Аталған байқауға колледжімізден «Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Асқар Айнұр Асқарқызы қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
- «Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім» таныстыру бейнебаяны;
- «Мен мақтан ететін сабақ» понорамалық сабақ;
- «Жас маманның педагогикалық идеясы» педагогикалық жобасы
Байқау нәтиежесінде Асқар Айнұр Асқарқызы жүлделі 2-орынды иемденіп, дипломмен марапатталды. Жеңімпазымызды құттықтай отырып, шығармашылық табыс, болашақта жарқын жеңістер тілейміз!
«FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауы.
Қарашаның 17-жұлдызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауы болып өтті.
«FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауына колледжімізден арнайы пән оқытушылары А.С. Бияшова мен Л.Махамбетовалардың жетекшілігімен «Тағам өндірісінің технологиясы» мамандығының 2-3 курс студенттерінен екі топ қатысып өз бақтарын сынады. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Тоериялық; 3.Тәжірибелік кезеңдер.
Ториялық кезеңде студенттердің білімі таразыланса, ал тәжірибелік кезеңде «Көкөністер композициясы» және «Сүт коктейлін жасау» бойынша тапсырмалар берілді.
Сайыс нәтижесінде жеті команда арасынан «Golden Food» тобы 3-орынды, ал «Қыран» тобы 2 — орынды иеленді. Жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының аймақтық кезеңі
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер Республикалық конкурсының аймақтық кезеңі болып өтті.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер Республикалық конкурсының аймақтық кезеңі қорытындыланып, байқауға қатысқан арнайы пән оқытушылары Г.Досжан, Б.Босназарова және А.Асқар 3 қараша күні өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Конкурстың аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Досжан Гулсезим Каламгаликызы «Азаматтық-құқықтық сауаттылық» аталымында жүлделі І орынға ие болғаны үшін дипломмен және Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа бару сертификатымен марапатталды. Босназарова Балжан Саматовна және Асқар Айнұр Асқарқызы байқауға қатысқаны үшін сертификаттарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Колледж ұстаздарын марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Байқаудың Республикалық кезеңінде бақ сынайтын Гүлсезім Каламгаликызына сәттілік тілейміз!
«Тамақтану кәсіпорындарында пайдаланылатын құжаттар тақырыбындағы ашық сабақ
Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірудің технологиялық процесін ұйымдастыру»модулін оқытуда CLIL әдістемесін қолдана отырып, арнайы пәндер оқытушысы А.С. Бияшованың ашық сабағы өтті. Бұл әдіс пән бойынша білімді тереңдету мақсатында үш тілде өндірістік терминдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану кәсіпорындарында пайдаланылатын құжаттар
Сабақтың мақсаты студенттерді өндірістік құжаттаманы толтыруға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету.
Сабаққа келесі компоненттер кірді (төрт С деп аталады)
I.. VOCABULARY / сөздік
- Терминдерді олардың анықтамаларына сәйкестендіру. Терминдерді үш тілде дауыстау.
ІІ. COGNITION / танысу
Тағайындалған студенттер тақырып бойынша қосымша материалдар дайындады.
ІІІ. Байланыс/байланыс
Материал бойынша тірек сөздер.
- ACTIVITY/
Викторинаны Wordwall.net платформасында қолдану.
Сабақтың рефлексиясы » Whats app арқылы мұғалімге хат » әдісі бойынша өтті, студенттер осы сабаққа қатысты сұрақтарға жауап берді.
ІІІ Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы – 2023
ҚР оқу ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы болды. 26-27 қазан аралығында өткен конкурсқа еліміздің 13 өңірінің 20 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 24 педагог қатысты.
Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтарын айқындау мақсатын көздейтін конкурс барысында қатысушы педагогтар 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Конкурс нәтижесінде Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе аграрлық техникалық колледжінің «Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Гульнар Жалгасовна Ещанова бас жүлдені жеңіп алып, колледжіміздің де, облысымыздың да мәртебесін көтерді. Аталған конкурста «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша кәсіби біліктілігін сынаған әріптесіміз Дәурен Сұлтанғалиұлы Қуанов конкурс алғысхатымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Әдістемелік кеңестің отырысы өтті
06-қыркүйек күні әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес мүшелерінің отырысы өтті.
Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.А.Турмаганбетова ашып, жүргізіп отырған кеңес отырысы барысында жаңа оқу жылының алға қойылған мақсат-міндеттері, әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспары мен кешенді іс-қимыл жоспарлары таныстырылды.
Кеңестің күн тәртібінде әдістемелік кеңестің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары, әдістемелік кабинеттің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, «Жас оқытушылар мектебінің» 2023-2024 оқу жылындағы құрамы мен оларға тәлімгерлер анықтау, «Педагогикалық шеберлік мектебінің» жұмыс жоспары, оқытушылардың жұмыс бағдарламалары, авторлық бағдарламалар және басқа да оқу-жоспарлау құжаттары сынды маңызды мәселелер талқыланды.
«Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» студенттер конференциясы
Қазан айының 28-жұлдызында колледжімізде Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықпен бірге ұйымдастырған « Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» деген тақырыпта онлайн республикалық студенттер конференциясы өтті.
2022 жылдың 28 қазанда колледжімізде Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықпен бірге ұйымдастырған « Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» деген тақырыпта онлайн республикалық студенттер конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: студенттердің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру және ғылыми-зерттеу, шығармашылық қызметке қызығушылқты қалыптастыру.
«Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» деген тақырыпта өткен республикалық ғылыми практикалық конференцияға республикамыздың бірнеше облыстарынан және Ақтөбе облысының техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының 120-ға жуық студентері ғылыми жұмыстарын ұсынды. Колледжімізден қатысқан оқушыларымыздың жұмыстары сарапқа салынып жүлделі орындарды иеленді.
Облыстық «Үздік жас арнайы пән оқытушысы-2022» байқауы
2022 жылдың 09 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік жас арнайы пән оқытушысы-2022» байқауы ұйымдастырылды
2022 жылдың 09 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік жас арнайы пән оқытушысы-2022» байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушыларының біріңғай ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибелерін жинақтау және насихаттау.
Байқауға колледжіміздің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының арнайы пән оқытушысы Ж.С.Шакарбекова қатысып жүлделі 3-орынды иеленді. Колледжіміздің атынан жас ұстазды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.
«Өнерлі ұстаз» байқауы
2022 жылдың 09 желтоқсанда «АMANAT» партиясының Ақтөбе филиалы техникалық, жалпы және арнайы пәндер оқыушыларының арасында «Өнерлі ұстаз» байқауын өткізді. Байқауға колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушысы Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы қатысты.
2022 жылдың 09 желтоқсанда «АMANAT» партиясының Ақтөбе филиалы техникалық, жалпы және арнайы пәндер оқыушыларының арасында «Өнерлі ұстаз» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру, оқытушылардың кәсіби шеберлігін ынталандыру.
Байқау екі кезеңде өткізілді: бірінше кезеңде қатысушылардың педагогикалық қызметінің портфолиосын бағаласа, екінші кезеңде оқытушылар педагогикалық жобаны қорғау бойынша бақ сынасты. Байқау нәтиежесінде колледжімізден байқауға қатысып өзінің педагогикалық шеберлігін сынаған Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы жүлделі 2-орынды иеленіп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Назгүл Жолымбетқызын жеңісімен құттықтаймыз!
ТжКБ ұйымдарының ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберлік сайысы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы
28-қазан күндері ТжКБ ұйымдарының ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсына колледжден «Ветринария» мамандығы бойынша А Бимағанбетов және «Агрономия» мамандығы бойынша жас маман А.Асқарқызы қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
Сайыс екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық. Әр кезең екі модульден тұрды.
Теориялық кезең мамандық бойынша тестілеуден және ауыл шаруашылығы саласының стандарттарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру бойынша модульдерден бақ сынасты.
Ал тәжірибелік кезең бойынша әр мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты тәжірибелік жұмыстар жасап өз біліктіліктерін сынады.
«Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» республикалық ғылыми-практикалық конференция
Қазан айының 28-жұлдызында колледжімізде Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықпен бірге ұйымдастырған онлайн республикалық студенттер конференциясы өтті.
«Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» деген тақырыпта өткен республикалық ғылыми практикалық конференцияға республикамыздың бірнеше облыстарынан және Ақтөбе облысының техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының 120-ға жуық студентері ғылыми жұмыстарын ұсынды. Студенттердің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру және ғылыми-зерттеу, шығармашылық қызметке қызығушылықты қалыптастыру мақсатында өткізілген республикалық конференцияда бес бағыт бойынша студенттердің жұмыстары тыңдалып, сарапқа салынды.
«Ең үздік бейне сабақ» сайысы
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік бейне сабақ» тақырыбындағы барлық пән оқытушыларына арналған облыстық бейнесабақтар байқауы болып өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік бейне сабақ» тақырыбындағы барлық пән оқытушыларына арналған облыстық бейнесабақтар байқауы болып өтті. Аталған байқауға колледжімізден төмендегі оқытушылар қатысып, жүлделі орындарды иеленді:
- 2 орын – Босназарова Балжан Саматовна,
- 2 орын – Бимагамбетов Аскар Жумаханович,
- 3 орын – Қуанов Дәуренбек Сұлтанғалиұлы,
- 3 орын – Айтимбетов Махсет Тлеулиевич,
3 орын – Сегизбаева Акалма Уркимбаевна
Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық семинар
2022 жылдың 31 қазан күні колледжімізде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Колледжімізде 2022 жылдың 31 қазан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ауыл шаруашылығы саласы мамандарының кәсіби құзіреттіліктері мен әдістемелік шеберліктерін жетілдіру болып табылады. Семинарға техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Семинар барысында арнайы пән оқытушылары Г.Қ. Досжан «Шаруа қожалығының жер пайдалануын жобалау» тақырыбында , Ж.С.Шакарбекова «Сүт өнімі : қаймақтың сапасын анықтау» тақырыбында,Д.С. Қуанов, Т.А.Сәтімов«Малға клиникалық диагностика жүргізу» тақырыбында ,Б.С.Босназарова, А. А Аскатовна «Ет өнімдерінен жартылай дайын өнімдер дайындау технологиясы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Сондай- ақ арнайы пән оқытушылары А.А.Тажибаев және Ә.О.Аманбаевтар«Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтарды қолдана отырып «Тренажер-имитаторды қолдану арқылы топырақты виртуалды өңдеу» және «Зоотехния» мамандығы бойыншаарнайы пән оқытушысыА.Е.Есеркепов «Қойға жеке бас нөмірін енгізу»тақырыбында шебер-кластар өткізді.
Семинарда колледж әдіскерлері Н.Ж.Тілеубергенова«Білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары» тақырыбында және Г.С.Изтаева «Виртуалды платформаларды сабақта қолдану — оқушы белсенділігін арттырудың тәсілі»атты шебер-кластар өткізіп өз тәжірибелерімеен бөлісті.
Семинар соңында әріптестер өз ойларымен бөлісіп, жақсы тілек-лебіздерін білдірді.