Студенттер үйі

Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасында студенттердің жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған. Жатақхана Көкшетау көшесі 2в мекен-жайында орналасқан. Жатақханада оқу залы, студенттер кабинеті, акт залы, электр плиталар мен тоңазытқыштармен жабдықталған асханасы, сонымен қатар санитарлық тораптар (жуу, кептіру және үтіктеу), екі жуыну бөлмесі (ерлер мен әйелдер үшін бөлек) бар. Сонымен қатар, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылған.

Студенттер үйі WI-FI желісімен қамтамасыз етілген, бейнекамералар ситуациялық орталық арқылы тікелей байланыста жүзеге асырылады.

Студенттер үйі 320 орынға есептелген.

11
DSC_0245