Кәсіптік тәжірибе
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №521, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 08 қыркүйектегі №252 бұйрықтары негізінде жүргізіледі.
Тәжірибені ұйымдастырудағы негізгі міндеттер:
- Теориялық оқытудың заманауи өндіріспен байланысын қамтамасыз ету;
- мамандық бойынша практикалық жұмыстың қажетті дағдылары мен тәжірибесін игерту;
- кәсіби дағдыларды дамыту және студенттің бейімделу процесін үйлестіру;
- колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Оқу тәжірибесі барлық мамандықтардың білім алушылары үшін өткізіледі, білім алушылардың бастапқы кәсіптік тәжірибені игеру қабілетін қалыптастыруға бағытталған және таңдалған мамандық бойынша жалпы және кәсіптік құзыреттерді одан әрі игеру үшін кәсіптік қызметтің негізгі түрлері бойынша кәсіптік модульдер шеңберінде іске асырылатын дағдыларды игеруге бағытталған. Оқу практикасы мамандық ерекшелігіне қарай тәжірибе жетекшісінің қадағалауымен оқу аудиторияларында, колледждің шеберханалары мен зертханаларында, дендропаркте, виварийде өткізіледі.
Өндірістік тәжірибе нақты ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) білім алушылардың болашақ қызметімен танысу, білім алушылардың мамандық бойынша алғашқы дағдыларын игеруі, ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) нақты кәсіби қызметті орындау және зерделеу негізінде арнайы пәндерді зерделеу кезінде алған білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу, кәсіби ойлау дағдыларын дамыту, іс-әрекеттің практикалық дағдыларын игеру. Ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде), сондай-ақ оқу-өндірістік және оқу орындарының оқу шаруашылықтарында өткізіледі. Өндірістік практика қорытындысы бойынша білім алушылар есеп жазып тапсырады.
Кәсіптік тәжірибе-білім алушылардың оқу кезінде алған теориялық білімдерін бекіту, мамандық бойынша практикалық дағдыларды игеру, технологиялық процестерді зерделеу, өндірісті ұйымдастыру, өндірісті жүргізу әдістері, кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне техникалық-экономикалық талдау (шаруа қожалықтары, учаске, цех және т.б.).
Диплом алдындағы практика дипломдық жұмыс (жоба) және жеке жоспар бойынша есеп беру үшін тапсырмаларды орындайтын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін оқудың соңғы жылында өткізіледі. Бұл теориялық және практикалық бағдарламаларды меңгергеннен кейін білім алушыларға жүргізілетін оқытудың соңғы кезеңі, студенттің мақсаты — дипломдық жұмысты жазу үшін қажетті материалдарды жинақтау, бекіту, сараптау және нақтылау.
Өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе колледждің бекітілген оқу кестесі негізінде жүргізіледі. Тәжірибені жұмыс беруші әлеуметтік әріптестермен шарттық негізде және колледж мамандықтарының бейіндері бойынша ұйымдардың жеке сұрау салулары арқылы жүзеге асырылады. Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу үшін колледж болашақ мамандардың біліктілік сипаттамаларының талаптарын орындауға материалдық базасы сәйкес келетін кәсіпорындармен ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 02 қарашадағы №611 бұйрығымен №4 қосымшада ұсынылған нысан бойынша кәсіптік тәжірибені өткізуге шарттар жасалады. Білім алушыларға бағыт-бағдар, кәсіптік тәжірибе жұмыс жоспары, кестесі, кәсіптік тәжірибеден өту туралы күнделік-есеп беріледі. Жұмыс жоспары, кәсіптік тәжірибе кестесі кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) басшысымен келісіледі. Колледжде және өндірісте білім алушыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, кәсіпорында қолданылатын ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша нұсқаулық өткізеді. Кәсіптік тәжірибеден өтуді бақылауды өндірістік оқыту шеберлері мен тарификацияға сәйкес колледж бұйрығымен бекітілген арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады. Тәжірибе бағдарламасына заманауи өндірістік технологиялармен, жабдықтармен, материалдармен танысу және кәсіби дағдыларды игеру, кәсіби міндеттерді орындау кіреді. Тәжірибе бойынша студенттердің есебін кестеге сәйкес комиссия қабылдайды, хаттама, есептер және нәтижелер ведомостары негізінде кәсіптік практикадан өту бойынша мониторинг жүргізіледі.