Педагогикалық шеберлік мектебі

Оқытудың жаңашыл формалары және әдістері: ізденістер мен шешімдер

Педагогикалық шеберлік мектебінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 қараша күні «Оқытудың жаңашыл формалары және әдістері: ізденістер мен шешімдер» тақырыбында шебер-класс өткізілді. Шебер-кластың мақсаты: педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру және озық тәжірибені тарату.  Шебер-класта колледждің арнайы пәндер оқытушысы Изтаева Гульназ Сексенбаевна өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогтерді  оқытудың жаңашыл әдістерін, соның ішінде геймификация, жобалау әдістерін қолданудың ерекшеліктерін таныстырды.

 
 

 

 

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізудің жолдары

10-қаңтар күні педагогикалық шеберлік мектебінің жоспарына сәйкес «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізудің жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар болды.

Семинар мақсаты: Педагогтерінің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу арқылы жаңашылдыққа серпін беру; педагогикалық қызметке деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру; педагогикалық шеберліктерін шыңдау.

Семинар колледжіміздің психолог маманы Нұртаева Гүлбақыт Нұртайқызы оқытушыларға тренинг өткізумен басталды.   Семинарға жалпы білім беру пәндері оқытушылары Лесова З.З, Темірбаева А.С, Оспанова Р.А және арнайы пән оқытушысы Қабдолова А.М өз тәжірибелерімен бөлісті.  Семинарда оқытудың біршама әдістері көрсетіліп, педагогтер белсене араласты.

“Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер класс

Ағымдағы жылдың 27-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында әдіскер Изтаева Г.С және Шакарбекова Ж.С ұйымдастыруымен педагогтерге арналған “Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер- класс өткізді.

Шебер — класс мақсаты:
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында белсенді оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарымен бөлісу, шебер класқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, үйренушілердің қызығушылығын тудыру.

Шебер класта Г.С.Изтаева «Slidesmania», «slideshare», «prezi” , «Renderforest»  платформаларымен  презентация жасау жолдары мен мүмкіндіктерін көрсетсе, Ж.С.Шакарбекова «flippity», «quizwhizzer», «narakeet» платформаларын қолдану жөнінде мәліметтер берді.

Шебер-класс  әріптестердің жылы лебізімен аяқталды.

 
 

 

 

Педагогтардың кәсіби жандануы

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Агрономия, Орман және Жерге орналастыру пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Педагогтардың кәсіби жандануы” атты тақырыбында шебер-класс өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты оқытушылардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту болды.