АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

2025 жылдың 22 қазан күні Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжінде   “Адал  азамат” біртұтас  тәрбие бағдарламасы бойынша  облыс колледждері  Бастауыш  ардагерлер  ұйымдарының семинары өтті. 

Семинарға Облыс білім саласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.М.Саркулов,  Облыс білім саласы Ардагерлер кенес  мүшесі Ы.К.Кушеров және Бастауыш  ардагерлер  ұйымдарының төрағалары, ардагер ұстаздар қатысты. Келген қонақтар алдымен колледждің  материалдық – техникалық базасымен танысты және  колледж музейін аралады.
Семинарды  Бастауыш  ардагерлер  ұйымының төрайымы К.Н. Капсамиева жүргізді. Алғы сөз Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледж директоры С.Қ Жаржановқа  берілді.  Іс – шара барысында  колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері А.А.Контаеваның «Білім  алушыларды  тәрбиелеуде “Адал  азамат” біртұтас  тәрбие бағдарламасының алатын орны» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Өз баяндамасында бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, бағдарлама аясындағы құндылықтар жүйесін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың тәсілдерімен таныстырды.  Колледжіміздің ардагер оқытушысы Аяпова А.Ш “Жұмысшы  мамандарды  даярлау –  бүгінгі  күн  талабы” атты баяндамасын оқыды Баяндамашыларға тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Семинар соңы әдемі пікір алмасуға ұласты.
 
 
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлері күні аясында өткізілген облыстық салтанатты шарада Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжі  Бастауыш  ардагерлер  ұйымының мүшесі, ардаген – ұстаз Бергалиев Мейрхан Темірханұлы  ұзақ жылдар қызмет еткен білім беру саласындағы еңбегі үшін Облыстық білім басқармасының  алғыс хатымен  марапатталды.
Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжінде 1 қазан 2025 жылы Қарттар күні мен білім беру саласы ардагерлерін ұлықтауға арналған мерекелік шара өтті. Жиналған ардагерлер колледж ауласынан ағаш отырғызып «Ардагерлер аллеясын» ашты, Бастауыш  ардагерлер  ұйымының бөлмесі мен Шығанақ Берсиевке арналған мұражайды көрді, оқытушылар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, соңы шәй дастарханы мен көңілді әңгімеге ұласты.
ҚАЗАН 2025

Наурыз - 2023

Наурыз - 2024

Қарттар күні. 1 қазан 2024 жыл

Мұғалімдер күні. Ардагер ұстаздардың жас ұстаздармен кездесулері. 20.09.2024 ж.