
Ағымдағы жылдың 24-26 ақпанында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек адамы-елдің байлығы» тақырыбында «Кәсіби ашық алаң» ұйымдастырылды. Шараның мақсаты-жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын қоғамға көрсету, жастарды осы салаға тарту және олардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді ұсыну. Бұл шараға Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі ауылшаруашылық аймағы бойынша көрме дайындады. Көрмеге келген мектеп оқушыларына колледжіміздің заманауи құрал-жабдықтары таныстырылып, оларға түрлі шебер-кластар, байқаулар мен тренингтер өткізілді. Сонымен қатар шара барысында, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық аясында меморандумдарға қол қойылып, «бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жұмыс іздеушілерге еңбек нарығы, түйіндеме жазу, әңгімелесуге дайындық бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмысшы мамандықтар көрмесін аралап, жастармен, колледж өкілдерімен және жұмыс берушілермен пікір алмасты, жастар арасында техникалық және жұмысшы мамандықтарды насихаттау маңызды екенін атап өтті.


