2025 жылдың 11-12 қараша Орал қаласында Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Форум аясында Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық —техникалық колледжі халықаралық оқу орындарымен байланысты нығайту мақсатында Орынбор аграрлық университетінің филиалдары болып саналатын колледждермен келісімшарт жасады. Адамов ауылшаруашылық техникумы, Бузулук гидромелиораттық техникумы, Илек зоотехникалық техникумы, Сорочин ветеринарлық техникумы мен біздің колледж арасында ортақ мақсаттар мен шаралар жоспарланды.